| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Әдістемелік құралдар | DOCX |
| 2 | Жас мамандармен жұмыс | DOCX |
| 3 | Педагогтар жетістігі | DOCX |
| 4 | Педагогтардың курстан өтуі | DOCX |
| 5 | Педкадр | DOCX |
| 6 | Семинар, шеберкластар | DOCX |
https://karauylkeldi4-baiganin-roo.edu.kz/kz/distemelik-raldar-2.html#sigFreeId120aeb50de
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ!
Қ.Мұханбетқалиұлы атындағы орта мектеп-гимназиясының ұстаздары тағы бір биікті бағындырды! 🏆
Жалпы білім беретін мектеп педагогтері арасында өткен «Жасанды интеллект – болашақтың кілті» атты облыстық олимпиаданың аудандық кезеңінде мектебіміздің білікті мамандары үздік нәтиже көрсетті:
🔹 Тулеугарин Жасулан (Информатика пәні мұғалімі) – ІІ Дәрежелі Дипломмен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды!
🔹 Амалбекұлы Ақылбек – «AI - зерттеуші» номинациясының иегері атанды.
🔹 Урашева Айнұр мен Таганов Дәулет – «Промт шебері» номинациясымен марапатталды.
Заманауи технологияларды игеруде алда келе жатқан әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Жасулан Сырымбетұлына облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!
https://karauylkeldi4-baiganin-roo.edu.kz/kz/distemelik-raldar-2.html#sigFreeIdcb95ec7176
Қ.Мұханбетқали атындағы орта мектеп-гимназияның техникалық инспекторы Қожбанова Гүлдәурен Алғиқызы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымдастырған «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» байқауына қатысып, Алғыс хатпен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
💐Бұл жетістік – еңбекті қорғау саласындағы кәсібилік пен табанды еңбектің нәтижесі.
Әріптесімізге толағай табыс, мықты денсаулық және алдағы уақытта да жаңа жетістіктер тілейміз!
https://karauylkeldi4-baiganin-roo.edu.kz/kz/distemelik-raldar-2.html#sigFreeIdf8c38eeb9c
Мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында өткен «Үздік жыл психологі» республикалық байқауының аудандық кезеңінде жоғары кәсіби біліктілік пен үздік нәтижелер көрсеткені үшін мектеп психологі Кадешова Айым Конискалиевна I дәрежелі дипломмен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды.
Сонымен қатар Байғанин ауданы білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы тарапынан тарихи-танымдық өлкетану саяхатына бару үшін сертификат табысталды.
Құттықтаймыз! Алдағы облыстық кезеңде сәттілік пен толағай жеңіс тілейміз! 🌟
https://karauylkeldi4-baiganin-roo.edu.kz/kz/distemelik-raldar-2.html#sigFreeIddd451bc70d
Бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен “Үздік бастауыш кабинеті” облыстық байқауының үздіктері анықталды.
Бастауыш сынып кабинеттерін қазіргі заман талабына сай безендіру, материалдық - техникалық және әдістемелік жабдықталуын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған жарыста мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Ғизатқызы Аягөз жүлделі ІІ орынды иеленді.
Жеңімпаз ұстазымызға толағай табыстар мен үздіксіз ізденіс тілейміз.
https://karauylkeldi4-baiganin-roo.edu.kz/kz/distemelik-raldar-2.html#sigFreeIdd86a269745
🎉 Қуанышты жаңалық! 🎉
«Жаратылыстану ғылымдары Ассоциациясы» ұйымдастырған математика пәні мұғалімдері мен 7-сынып оқушыларына арналған облыстық «Білім көпірі» олимпиадасында жетекші Жумалы Әлия Аманкелдіқызы мен 7-сынып оқушысы Адаева Гүлнұр жоғары нәтиже көрсетіп, жүлдегер атанды 👏📚
Бұл — мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегі мен тынымсыз ізденісінің жемісі✨
Осындай жетістіктер шәкіртке шабыт, ұстазға қуаныш сыйлай берсін!
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз 🌟
https://karauylkeldi4-baiganin-roo.edu.kz/kz/distemelik-raldar-2.html#sigFreeId0fd0602830
Қ.Мұханбетқалиұлы атындағы орта мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушылары Орынбай Аяулым мен Әлімжанқызы Нұрайды кезекті жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! 💐
Жалпы білім беретін мектептердің 5-6 сынып оқушылары арасында өткен «Достық-2026» кешенді пәндік олимпиадасының облыстық кезеңінде шәкірттеріміз жоғары білім деңгейін көрсетіп, ІІІ Дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Білім бәйгесінде топ жарған оқушыларымызды және оларға бағыт-бағдар берген ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Мақтаныштарымыз көбейе берсін! 🔥✨
https://karauylkeldi4-baiganin-roo.edu.kz/kz/distemelik-raldar-2.html#sigFreeId8d2e23aacf
Мобилография — бүгінгі күннің тренді, ал біздің оқушымыз — осы саланың хас шебері! 📸✨
«Мамандықтар әлемін ашамыз» форумында 10-сынып оқушысы Абыл Мерей өзінің ерекше көзқарасы мен креативті видеоларының арқасында облыс бойынша ІІ орынды иеленді!
Аудандық кезеңде жеңімпаз атанып, облыста биік деңгей көрсету — үлкен дайындықтың нәтижесі. Мерей, кадрларың үзілмесін, туындыларың көпті тамсандыра берсін! 🔥
Заманауи мамандықтың қыр-сырын меңгерген жастың болашағы жарқын болсын!
Жетекшісі: Мұратқызы Назерке
https://karauylkeldi4-baiganin-roo.edu.kz/kz/distemelik-raldar-2.html#sigFreeId73d57fbd23
🏆 Жеңіс — табандылықтың жемісі!
Пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі III орын иеленген оқушымыз Сырымбетов Бекзатты және жетекшісі, пән мұғалімі Тулеугарин Жасуланды шын жүректен құттықтаймыз!
Оқушының білімге деген ізденісі мен ұстаздың жүйелі еңбегі жоғары бағаланып, білім бөлімі тарапынан:
🎁 оқушыға — ақшалай сыйлық,
✈️ жетекші ұстазға — тарихи-өлкетану саяхатына жолдама табысталды.
Бұл жетістік — тынымсыз еңбек пен сапалы білімнің айқын нәтижесі. Алар асуларыңыз көп, жеңістеріңіз жалғаса берсін! 🌟
https://karauylkeldi4-baiganin-roo.edu.kz/kz/distemelik-raldar-2.html#sigFreeId121b345213
Ағылшын тілі пәнінен облыстық пәндік олимпиадаға қатысып, Алғыс хатпен оралған 9-сынып оқушысы Теңелбаева Анель мен жетекшісі Молбаева Динара Білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Білімге деген талпыныс пен тынымсыз еңбектің нәтижесі — жарқын жетістік!
Алдағы додаларда биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз! 👏✨
https://karauylkeldi4-baiganin-roo.edu.kz/kz/distemelik-raldar-2.html#sigFreeId840b2fdf01
Қажығали Мұханбетқалиұлы атындағы орта мектеп-гимназиясының тірек мектептері арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және білім сапасын арттыру мақсатында 2026 жылдың сәуір айында көшпелі семинар ұйымдастырылды.
Аталған семинарға А.С. Пушкин атындағы орта мектебі, Баршақұм орта мектебі, Қопа орта мектебі, Бұлақтыкөл атындағы орта мектебі және С.Ешбаев атындағы орта мектептерінің педагогтері қатысты. Іс-шараға білім бөлімінің әдіскері Нияз Назгүл және әртүрлі пән мұғалімдері арнайы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында мұғалімдер заманауи оқыту әдістерін таныстырып, ашық сабақтар мен шеберлік сағаттарын өткізді. Сонымен қатар, білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелер талқыланып, тиімді шешу жолдары қарастырылды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелерін жетілдіруге мүмкіндік алды.Оқушылардан онлайн сабақтардың сапасы мен тиімділігіне қатысты сауалнама алынды. Сауалнама барысында оқушылардың қашықтан оқытуға деген көзқарасы, сабақтың түсініктілігі, мұғалімдермен кері байланыс деңгейі және қолданылатын цифрлық платформалардың қолайлылығы зерделенді.
✨ “Дарындылар шеруі – 2026” ✨
Қ.Мұханбетқалиұлы атындағы орта мектеп-гимназиясында жыл бойы интеллектуалдық олимпиадаларда, спорттық жарыстарда және шығармашылық байқауларда үздік нәтиже көрсетіп, мектебіміздің мерейін асқақтатып жүрген дарынды оқушыларымызды салтанатты түрде марапаттадық. 🏆👏
Білім мен өнерде, спортта биік белестерді бағындырған шәкірттеріміз — мектебіміздің мақтанышы! 🌟
Жетістіктеріңіз көп болып, алар асуларыңыз биік болсын!
https://karauylkeldi4-baiganin-roo.edu.kz/kz/distemelik-raldar-2.html#sigFreeId5d84449bca
Хакатон: Тұтынушыдан — Жасаушыға! 🚀
Қ.Мұханбетқалиұлы атындағы мектеп-гимназиясында 7-11 сынып оқушылары арасында «Хакатон – өз идеяңды жобаға айналдыр» сайысы өтті.
💡 Мақсаты: Оқушылардың креативті ойлауын дамытып, бос уақытты тиімді пайдалануға бағытталған тың жобалар жасау.
2 сағаттық қызу жұмыс нәтижесінде үздіктер анықталды:
🏆 Бас жүлде: «Harvord» тобы (11а) – «Виртуалды ерікті» жобасы.
🥇 I орын: «Powerfive» тобы (10а) – «Мектеп атмосферасы».
🥈 II орын: «Victory cire» тобы (7а) – «Салт-дәстүр жаңа форматта».
🥉 III орын: «BigBang» (8а) және «Idea factory» (9а) топтары.
Жас ізденімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Болашақ — білімді жастардың қолында! ✨
🏆 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🏆
Облыстық ұлттық мектеп лигасының жоспарына сәйкес өткен асық ату жарысында 7–8 сыныптар арасында
Қажығали Мұханбетқалиұлы атындағы орта мектеп-гимназиясының командасы тамаша өнер көрсетіп, 🥇 жүлделі І орынға ие болды!
Осы жеңістің нәтижесінде оқушыларымыз республикалық кезеңге жолдама алды 🎉
Жеңімпаздар:
✨ Құдайберген Дархан
✨ Қыдырқожа Айсұлтан
✨ Жақсылықов Рамазан
Жетекшісі:
👏 Нұрлыбаев Нұрғиса Нұрлыбайұлы
Сіздерді жарқын жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы республикалық жарыста да биіктерден көрініп, ел намысын абыроймен қорғайды деп сенеміз!
https://karauylkeldi4-baiganin-roo.edu.kz/kz/distemelik-raldar-2.html#sigFreeId916a9a535b
📍 Қ. Мұханбетқалиұлы атындағы орта мектеп-гимназиясында әдістемелік кеңес өтті
Бүгінгі кеңес — тәжірибе алмасу мен жаңа белестерді бағындыру алаңына айналды. Жиын барысында келесі маңызды мәселелер сараланды:
✅ Жас мамандар мектебі: Жас ұстаздардың алғашқы қадамдары мен жетістіктері талданып, тәлімгерлердің есептері тыңдалды. Сабақтастық — сапалы білім кепілі!
✅ Шығармашылық жеңістер: Оқушыларымыздың қолөнер мен бейнелеу өнері саласындағы жетістіктеріне сараптама жасалып, дарынды балалардың еңбегі жоғары бағаланды.
✅ Заманауи үрдіс: «Жасанды интеллектінің білім берудегі рөлі» атты семинар ұйымдастырылып, мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттыру жолдары қарастырылды.
Мектеп өміріндегі өзекті мәселелер талқыланған жиын ұстаздардың шеберлігін шыңдауға жаңа серпін берді.
https://karauylkeldi4-baiganin-roo.edu.kz/kz/distemelik-raldar-2.html#sigFreeIdf8f2576490
Қ. Мұханбетқалиұлы атындағы орта мектеп-гимназиясында «Тіл. Ұлт. Болашақ» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы ерекше қарқынмен басталды. Апталықтың алғашқы күндері қазақ поэзиясының ақиығы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп, мектебімізде «Ғасыр ақынының үні» атты ұстаздар мен шәкірттер арасындағы ән байқауы өтті. 🎤✨
✨ Байқаудың мақсаты — ақынның сырлы жырларын әуенмен өріп, өскелең ұрпақтың жүрегіне ұялату, ұстаз бен шәкірт арасындағы шығармашылық байланысты нығайту.
Сахна төрінде: 🔹 Мұқағалидың сөзіне жазылған өлмес әндер шырқалды; 🔹 Ұстаз бен шәкірттен құралған дуэттер өнер мен парасаттың үндестігін көрсетті; 🔹 Көрермендер қауымы нағыз рухани дәм мен эстетикалық ләззат алды.
🏆 Марапаттау сәті: Сайыс соңында қазылар алқасы үздіктерді анықтап, жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен ұлықтады. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
І Дәрежелі Диплом - Қохаманова Назгүл, шәкірті Мұралбай Кәусар
ІІ Дәрежелі Диплом – Қаленова Гүлбарам, шәкірті Ізбасар Әмина
ІІІ Дәрежелі Диплом – Алғиқызы Гүлдіурен, шәкірті Қаракешова Асылбақ
«Мұзбалақ» номинациясымен Төлемісова Айзат, шәкірті Серік Айым
«Талғампаз талант» номинациясымен Нысанов Асқарбек, шәкірті Бәтеова Нұрханым
«Ең үздік дуэт» номинациясымен Базарбаева Венера, шәкірті Болатова Көркем
«Көрермен көңілінен шыққан үздік өнер» номинациясымен Қалнияз Назгүл, шәкірті Аққазин Шапағат
Ақын жырлары — ұлттың қазынасы. Мұқағали үні ғасырдан ғасырға мектеп қабырғасында осылай жаңғыра бермек!
Апталық аясында әлі де талай қызықты шаралар күтуде. Бізбен бірге болыңыздар! 🚀
https://karauylkeldi4-baiganin-roo.edu.kz/kz/distemelik-raldar-2.html#sigFreeId653881a324
